35 жастағы медбике автобусқа тұрмысқа шықты
Колумбияның Пасто қаласынан Боготаға өнер жолын қуу үшін көшіп келген 35 жастағы медбике әрі әнші Йелин Лизбет Патиньо бұған дейін ер адамдармен кездесіп жүргенімен, 10 жасынан бастап техникаға деген әуестікті (механофилия) сезінген. Уақыт өте келе ол осы махаббатының арқасында автобусқа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы thesun.co.uk басылымы жазды.
2022 жылы ол Боготадағы 60-маршруттың қызыл автобустарына ғашық болып, 2024 жылдың қазан айында жасырын түрде ақ көйлек киіп, неке сақинасы мен тортпен оларға тұрмысқа шықты. Ол автобустардың қасында болу үшін депоға түнгі тазалаушы болып жұмысқа кіріп, бір жылдық мерейтойында денесіне автобус пен қала соборының суреті салынған үлкен татуировка жасатты.
Қазіргі уақытта Йелин жаңа метроның іске қосылуына байланысты бұл маршруттың жабылып қалуынан қорқып, оны сақтап қалу үшін беделі мен мансабын қатерге тігіп, көпшілікке некесін ашық жариялады. Автобусты өмірінің мәні деп санайтын ол бұл бағытты жойып жібермеу үшін халықаралық ұйымдардан, адам құқықтарын қорғаушылардан, механофилдерден қолдау сұрап, қол жинауға шақыруда.
Соңғы жаңалықтар