«Жасыл дәліз» көмектеспеді: Астана әуежайында заңсыз әкелінген 200-ден астам iPhone тәркіленді

22.09.2026 21:17 Қанат АЙБАР
«Жасыл дәліз» көмектеспеді: Астана әуежайында заңсыз әкелінген 200-ден астам iPhone тәркіленді
135

Елорда әуежайында кеден қызметкерлері 223 дана iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods құлаққабын заңсыз алып өтудің 10 дерегінің жолын кесті. Жолаушылар техниканы кедендік декларация тапсырмай, жүктерінде тасымалдаған, деп хабарлайды Politico.kz.

Тексеру барысында жолаушылардың бірінен бірден 50 смартфон табылған. Ал қолданыстағы ережелерге сәйкес, жеке пайдалану үшін бір адамға екі телефоннан артық алып өтуге рұқсат етілмейді.

Заңсыз тасымалданған техника уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша іс материалдары әкімшілік тәртіппен қаралып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий