40 мың адам күткен концерт болмай қалды: Канье Уэст не деді?

14.08.2026 22:02 Қарақат АСЫЛОВА
40 мың адам күткен концерт болмай қалды: Канье Уэст не деді?
217
Фото: NUR.kz

Канье Уэст Алматыдағы концерті не себепті кейінге шегерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлемге танымал рэпер әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыдағы шоу ауа райының қолайсыздығына байланысты 15 тамызға ауыстырылғанын жазды.

«Алматы тұрғындары, ауа райына байланысты бүгінгі концерт ертеңге шегеріледі. Басты басымдығымыз – көрермендердің денсаулығы мен қауіпсіздігі. Ертең кездескенше», – деп мәлімдеді әнші.

Айта кетейік, Канье Уэсттің Алматыдағы концерті 14 тамыз күні сағат 21:00-де Орталық стадионда өтуі тиіс болған. Шараға 40 мыңға жуық адам келеді деп күтілген.

Алайда концерт басталар алдында Алматыда электр қуатына қатысты мәселелер туындап, көп ұзамай қалада қатты жаңбыр мен жел күшейді. Осыдан кейін стадиондағы көрермендерге концерттің келесі күнге ауыстырылғаны хабарланды.

Оқиғадан соң стадионға жиналған мыңдаған адам аумақтан шыға бастады. Енді көптен күткен концерт 15 тамызда өтеді деп жоспарланып отыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий