Ұлдана Мырзуанның өлімі: Алғашқы сот отырысының күні белгілі болды

Ұлдана Мырзуанның өлімі: Алғашқы сот отырысының күні белгілі болды

Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысының уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, бүгін марқұмның анасы Ұлдана Мырзуанмен кездесіп, алдағы қылмыстық іске қатысты дайындық жұмыстарын пысықтаған.

«Сот уақытына қатысты журналистердің өтініші бойынша жалпы хабарлауды жөн көрдік», – деп жазды заңгер.

Алғашқы сот отырысы 18 тамыз күні сағат 15:00-де Астана қаласы, Кенесары көшесі, 3 мекенжайында өтеді.

Заңгер марқұмның анасына қолдау білдіріп, сот процесіне қызығушылық танытқан азаматтарды дұғада болуға шақырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу