400 мың теңгеге адам сатқан: Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Атап айтқанда, «Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.
Фото: freepik.com
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
18:08
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалында р...
01.11.2026
17:34
Қазақстан шекарасынан өту қиындай ма? Шетелдікт...
01.11.2026
16:34
Науқас баланың әкесі дәрігерлерге шабуыл жасады...
01.11.2026
15:37
Аспанда әскери ұшақтар ұшады: Астана тұрғындары...
01.11.2026
14:30
Маңғыстауда балалар ауруханасында дәрігерге шаб...
01.11.2026
13:42
Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуіл...