51 жастағы Баян Алагөзова ашық киіммен сурет жариялап, көпшілікке жақпай қалды
Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагузова Instagram парақшасында Пхукет жағалауында түсірілген жаңа фотосуретін жариялап, желі қолданушыларының назарын өзіне аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазір 51 жастағы жұлдыз Таиландта демалып жүр. Күн батып келе жатқан сәтте көк түсті купальникпен түскен кадр продюсердің сымбатты дене бітімін ерекше айшықтап, жағалаудың әсем көрінісімен үйлесім тапқан. Желіде бұл пост қызу талқы тудырып, пікір қалдырушылардың бір бөлігі Баян Алагузованың күтімі мен сұлулығына тәнті болғанын жасырмады.
Олар: «Мұндай мүсін – үлкен еңбектің нәтижесі», «Ғажап сұлулық!», «Керемет!» деп жазды. Ал кейбіреулер сын айтып, «Әдемі әйел, бірақ купальник үйлеспей тұрған сияқты», «Бәрібір үлкен екені көрініп тұр», «Жалаңаш түсе салу керек еді ғой» деген пікірлер қалдырды. Алагузованың жаңа суреті қоғамда түрлі көзқарас туғызып, оның сымбаты мен стилі тағы да қызу талқыланған тақырыпқа айналды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...