"5-қабаттан құлап өлді деді" - Ләззат Асанованың анасы

16.12.2025 15:58 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
162
Фото: ALASH.KZ

Желтоқсан оқиғасының құрбаны, Халық Қаһарманы Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асанова қызын ақтық сапарға шығарып салған күнді еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz сайтына сілтеп.

16 жасында қыршын кеткен қазақ қызының өлімі әлі күнге дейін жұмбақ.

Ләззат бірден қайтыс болған. Ләззаттың басы, шүйдесі жарылған. Сүйегін апарғанда өзім таң атқанша күзетіп, ұйықтамай сол күні шығарып салатын күні бас-аяғын қарап, ұшып өлді деген соң “үгітіліп кетті, сынып қалды” деп ойладым ғой. Ештеңе де болмаған. Өзі де сондай сүмбілдей әдемі болған еді. Сол бойы жатыр. Басын сипасам, қолым кіріп кетеді. Басқа жарақат жоқ. Тек баста. Ләззат қайтыс болып, сүйегін апарды. Ербол Сыпатаев екеуі бір ауданнан еді. Екеуінің сүйегін бір күнде апарды. “Ерболды алаңда мас болып, қайтыс болды. Ләззат 5 қабаттан ұшып өлді” деп алып барды. Екеуін бір күнде. Қашан Ләззатты жерлеп болғанша ешкім кеткен жоқ. Менің аузымды аңдып тұрды елдер. Байқап сөйлеңіз. Байқап айтыңыз. “Мама, сіз мен үшін ДАРА” деп жазып кетіпті. Хатында солай жазып жіберді. “16 жастағы бала ондай сөзді қайдан біледі” деп ойлаймын. Енді ойлап жатырмын", - деді анасы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий