"6 жыл күткен едік": Айдарбекова ұлы туралы әсерлі жазба жариялады
788
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы ұлы Аянды туған күнімен құттықтап, желіде әсерлі жазба жариялады.
Гүлзира Айдарбекова аналық ақ тілегін Instagram-дағы парақшасында білдірді. Жұлдызды ана ортаншы баласына деген махаббатын жеткізіп, отбасылық мұрағаттағы суреттерді жариялады.
"Бүгін менің қара балам, жүрегі мейірімге толы, ақкөңіл, ақ жүрек дара балам Аянымды өмірге алып келген күнім. Тұла бойым тұңғышым Қайратымнан кейін, Нүрекең екеуіміздің 6 жыл қатты күткен баламыз. Ең бастысы амандығымен, жанұясының ауызбіршілігі молынан болып, Айгерам екеуінің бір-біріне деген адалдығымен, әулетке деген құрметімен осы қалыптарында ұл-қызының қызығын көріп, ұзақ жасап, араларында тек мөлдір махаббат болып, бізді қуантып, 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулерін Алла жазсын", - деп жазды продюсер.
Соңғы жаңалықтар
23.07.2026
23:13
Айыппұлға ренжіген зейнеткер полицейлердің көлі...
23.07.2026
22:30
Wildberries-тегі шабуылдар қазақстандық кәсіпке...
23.07.2026
21:45
Ақберен Елгезек: Мен өлімнен қорықпаймын, Аллағ...
23.07.2026
21:30
Рудныйда пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар...
23.07.2026
21:24
Жүкті екенін білмеген 33 жастағы әйел жедел жәр...
23.07.2026
20:46
Super Mamasita: Instagram парақшамды біреулер т...