Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертке қатысты

Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік концертке қатысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай ұйымдастырылған «Жаңа дәуір – жаңа белес» атты мерекелік концертке қатысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Мерекелік шара елордадағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Концертке Қазақстанның танымал өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары қатысып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Концерт бағдарламасы Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналды. Сахнада өнер көрсеткен әртістер отандық өнердің жетістіктерін таныстырып, елдің рухани байлығын паш етті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу