7 әкім жауапқа тартылды
Атырау облысының Жылыой ауданында 62 заңсыз қоқыс орны анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жылыой ауданының прокуратурасы көзбен шолып тексеру барысында Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, сондай-ақ Қосшағыл, Жем, Ақкиізтоғай, Қараарна және Майкөмген ауылдық округтерінің аумағында 51 учаскеде орналасқан 62 заңсыз қалдықтар жиналатын орын анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды.
Нәтижесінде Құлсары қаласының әкімі, Жаңа Қаратон кентінің әкімі және 5 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапқа тартылды. Өндіріліп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 227 мың теңгені құрады.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ауданның 495 тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...