Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімімен аяқталды

Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімімен аяқталды
Фото: depositphotos.com

Шымкентте бірге тұрған ер адамды қызғаныш салдарынан өлтірген 25 жастағы әйел 10 жылға сотталды. Бұл туралы Hronika.kz жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылғы 20 мамырда Самал 3 шағынауданында болған. Бірге тұрған ерлі-зайыптылар жалдамалы үйдің ауласында қызғаныштан жанжалдасып қалған.

Жанжал кезінде әйел асүйден пышақ алып, ер адамға бір рет соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған.

Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынған. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша айып тағылған.

Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот әйелдің кінәсі толық дәлелденді деген шешімге келді.

Сот үкімімен 25 жастағы әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол марқұмның ата-анасына 20 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Үкімге шағым түсіруге болады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу