Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген ер адам табылды

Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген ер адам табылды
Коллаж Politico.kz

Өскеменде түнде көпқабатты үйдің кіреберісінде әйел киімімен жүрген ер адамның кім екені анықталды. Ол басқа облыстан келген 29 жастағы тұрғын болып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Сәтбаев көшесіндегі №52 үйдің бейнебақылау камерасына түскен видео тараған. Кадрлардан белдемше, капрон шұлық киіп, басына әйелдің ішкиімін киген адамды көруге болады.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, ер адам полиция бөліміне жеткізілген.

Ол 3 күн бойы мас болғанын, әйелдің киімін қалай киіп алғанын өзі де түсінбейтінін айтқан. Киімдерді жұмыста жүрген сүйіктісінен алған.

Ер адамның сөзінше, мұндай жағдай алғаш рет болған. Ол әрекеті үшін ұялатынын жеткізген.

Полиция қызметкерлері онымен профилактикалық әңгіме жүргізген. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданған.

Полиция ер адамның жұмыс істейтінін және еш жерде есепте тұрмайтынын хабарлады.

Бұған дейін тұрғындар үйдің төртінші қабатында тұрған балалар арбасынан пайдаланылған шприц тапқан еді. Полиция мәліметінше, ер адамның бұл жағдайға қатысы жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу