Алматыда түнде қоймалар өртенді
Алматыда түн ішінде ірі өрт шықты. Бірінің үстіне бірі қойылған жүк контейнерлерінен жасалған қоймалар отқа оранып, жалын екі қабатты ғимаратқа да жеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Өрт Алматының Алмалы ауданындағы Жамбыл көшесінде орналасқан серіктестіктердің бірінде болған. Түнде «112» қызметіне қоймадан өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар екі қабат етіп орналастырылған 40 тонналық контейнерлерден жасалған қоймалардың жанып жатқанын анықтаған. Жалын сол маңдағы екі қабатты әкімшілік ғимаратқа да жартылай таралған.
Өртті сөндіру оңайға соқпаған. ТЖМ мәліметінше, қоймалардың ішіндегі жоғары температура, сақталған заттардың көптігі және өрт ошағына жетудің қиындығы құтқарушылардың жұмысына кедергі келтірген.
Соған қарамастан, өрт сөндірушілер жалынды толық ауыздықтады. Өрт 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...