8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылып, дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын болып, қалың тұман түседі және жолдарда көктайғақ пен қатты жел күтіледі. Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, сондай-ақ Қарағанды облыстарында қарлы боран соғып, жауын-шашын түседі. Бұған қоса Ұлытау, Абай, Шығыс және Батыс Қазақстан аумақтарында да осындай қолайсыз ауа райы сақталып, қатты жел тұрады. Желдің екпіні Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында да күшеюі мүмкін.
Алматы және Шымкент қалаларымен қатар Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау өңірлерін тұман басады. Тұман қаупі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау аумақтарында да байқалады.
Жолдардағы көктайғақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс және Батыс Қазақстан өңірлерінде көліктің қозғалысын қиындатады. Мұндай тайғақ ауа райы Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында да сақталады.
Последние новости