Абай облысында қыз зорлаған сотталушы түрмеден қашып кетті
Абай облысында кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін сотталған азаматтың қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл деректі облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Politico.kz.
Полиция мәліметінше, аталған азамат 2021 жылы шартты түрде бас бостандығынан айырылған. Алайда биыл маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше мәрте бұзғандықтан, сот оның қалған жаза мерзімін нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.
Ведомствоның хабарлауынша, серуендеу кезінде сотталған адам уақытша ұстау изоляторының аумағынан заңсыз шығып кеткен. Жедел ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде ол көп ұзамай ұсталып, қайтадан изоляторға қамалған.
Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...