Абай облысында шахтада жұмысшылар уланып қалды: адам шығыны бар  

19.03.2026 17:06 Әсел Мұрат
Абай облысында шахтада жұмысшылар уланып қалды: адам шығыны бар  
207
Фото: ашық дереккөз

Абай облысындағы Орлов кенішінде екі жұмысшы уланып, біреуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 19 наурыз күні сағат 10:40 шамасында Орлов шахтасында болған. Кеніш диспетчеріне екі жұмысшының зиянды газдардан улану белгілерімен табылғаны туралы ақпарат түсті. 

«Зардап шеккендердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Медициналық көмек көрсетілген екінші жұмысшының қазіргі жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр», — деп хабарлады KAZ Minerals тобының баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. 

«Кәсіпорынның басқарма төрағасы Андрей Третьяков жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Орлов кенішіне жолға шықты. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына жан-жақты көмек көрсетеді», — делінген ақпаратта.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий