«Ағаның ақшасы болмаса, қарамас еді»: Динара Сәтжан мен күйеуінің құшақтасып отырған видеосы тарады

«Ағаның ақшасы болмаса, қарамас еді»: Динара Сәтжан мен күйеуінің құшақтасып отырған видеосы тарады
20.10.2025 14:33
0
828
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тележүргізуші Динара Сәтжан мен оның жолдасы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың құшақтасып отырған видеосы тарады. деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Романтикалық сәттен үзіндіні Динара өз парақшасында жариялаған, ал бейнежазба бірден басқа да платформаларға кеңінен тарап кетті.
Видеода тележүргізуші күйеуінің алдында отырып, бір қолымен оны құшақтап, екінші қолымен бетінен ұстап отырғаны байқалады. Өз кезегінде Жанықұлов та әйелінің еркелегіне жылы жауап қайтарған.
Бейнежазба астындағы пікірлер екіге бөлінді: кейбірі жұптың махаббатына сүйсінсе, енді бірі олардың қарым-қатынасын сынға алды.
Көптеген қолданушылар «егер Жанықұлов қарапайым адам болса, Динара оған қарамас еді» деген пікірлерін білдірді.

«Ағаның ақшасы болмаса, Динара қарамас еді-ау», «Ағамның ақшасы көп, неге жас қыз алмады екен», «Динараның өзі де бай, неге жастау адаммен болмаған?», «Қайдағы махаббат - ақша махаббаты ғой бұл», - деп жазды кейбір желі қолданушылары.

@qazaqwa_show

Лап-лап етіп тұр ғой🔥🔥🔥

♬ оригинальный звук - YQ
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий