Air Astana шұғыл өзгерістер енгізді: Иран әуе кеңістігі жабылды

28.02.2026 15:35 Қарақат АСЫЛОВА
Air Astana шұғыл өзгерістер енгізді: Иран әуе кеңістігі жабылды
271
Ашық дереккөздерден

Air Astana әуекомпаниясы Иранның әуе кеңістігінің жабылуы және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты Таяу Шығысқа бағытталған рейстердің кестесін өзгертті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әуекомпаниядан хабарлағандай, 28 ақпаннан бастап мынадай өзгерістер енгізілді: KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және KC207 Астана – Дубай рейстері бастапқы әуежайларға қайтарылады.KC899 Алматы – Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды.FlyArystan FS7617 Актау – Дубай резервтік аэродромға ұшып барды.

Қалған Таяу Шығысқа рейстер 28 ақпаннан бастап жойылды.

«Air Astana компаниясы жағдайды мұқият бақылауда ұстап, жолаушыларды эвакуациялау мәселелерін шешіп жатыр. Жолаушыларға рейстердің мәртебесін тексеру ұсынылады, себебі ұшулардың уақытында өзгерістер болуы мүмкін. Джидда, Медина және Дубайға билеттерді сатып алған жерінде 6 наурызға дейін тегін қайта брондау немесе қайтару мүмкіндігі бар. Қауіпсіздік – біздің басты приоритетіміз», – делінген хабарламада.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий