«Әйелдің алдында мен мықтымын» деген бос әңгіме – Тоқтар Серіков
Отандық жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева 7 арнадаға «Сырласу» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасылық өмірлеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Сұхбат барысында әнші Тоқтар Серіков ер азамат тарапынан әйелге деген құрметтің қандай болу керектігін айтып, өз ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ ол жары Бейбітсіз тіпті қара шайдың да батпайтынын атап өтті.
«Маған шайды Бейбіт құйып бермесе, батпайды. Өзінің әйеліне еркелей білетін еркектер, ол меніңше әбестік емес, тіпті әлсіздік те емес. Ер жігіт мықтылығын, тектілігін көрсеткісі келсе, басқа жерде көрсетсін. Ел үшін, жұрт үшін көрсетсін. «Әйелдің алдында мен мықтымын» деген бос әңгіме. Әйелді бала туу үшін алмайды, болмаса бір рақатқа бату үшін алмайды. Әйел деген ер азаматтың 50 пайыз жартысы ғой былай айтқанда», – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды
23.10.2026
20:03
Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік кон...
23.10.2026
19:10
Мамырдан бері жалақы алмаған: Маңғыстауда мұғал...
23.10.2026
18:09
“Түнде кездесуге шақырды”: Атыраудағы НИШ мұғал...
23.10.2026
17:50
Болат Назарбаевтың суреті бар қымбат сағат OLX-...
23.10.2026
17:11
"Өлді" деп жылама, "өлем-ау" деп жыла": Сәкен М...