Актёр Асқар Жұмабек жұмыста қызды ұрып тастай жаздаған (ВИДЕО)

20.03.2026 18:13 Арман Ермеков
Актёр Асқар Жұмабек жұмыста қызды ұрып тастай жаздаған (ВИДЕО)
581
Фото: Әлеуметтік желі

Модель Айнұра Нарзиева актер Асқар Жұмабектің өзіне күш көрсетпек болып, ауыр сөздермен балағаттағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Айнұра Нарзиева айтуынша бұл оқиға бүгін, 20 наурызда таңғы сағат 10:00-ға таман болған. Түсірілім жұмыстары сағат 10:00-ға жоспарланғанымен, актер бұған дейін де бірнеше рет ұйықтап қалып, жұмыс процесін бұзғандықтан өзін алдын ала оятуды өтініп хабарлама жазған. Бойжеткен бұл өзінің міндетіне жатпаса да, сағат 08:30-нан бастап қоңырау шала бастағанын айтады. Екінші рет хабарласқанда актер оянғанын айтқан, ал 09:28-де ұйықтап қалмағанына көз жеткізу үшін оған тағы бір рет қоңырау шалған.

Түсірілім алаңына 09:55-те келген Асқар Жұмабек өзін тым ерте оятқанына шүйлігіп, бірден ашу танытқан.

«Бастамаңызшы, Асқар, ұйықтап қаласыз ба деп қорықтым, бірінші рет емес қой деп жауап бердім. Бұл сөз оның шамына тиіп, соңы физикалық күш көрсету әрекетіне ұласты», - деп жазды Айнұра Нарзиева.

Оның сөзінше жанында видеограф әріптесі болмағанда жағдай мүлдем басқаша аяқталуы мүмкін еді. Қолы дірілдеп қатты қорқып қалғанын айтқан модель бұған дейін ешкімнің оған дауыс көтеріп, күш көрсетпегенін жеткізді.

«Бұл адамда ешқандай іскерлік этика жоқ. Оның ашуланшақ екенін, есікті тарс жауып балағаттайтынын командадағы кез келген адам растайды. Мені қорғайтын ер адам болмағандықтан, шынымен қатты қорықтым әрі қорландым», - деп жазды ол.

Намысы мен қадір-қасиетін қорғағысы келетінін айтқан бойжеткен мұндай адамдарды кәсіби қолдаудан және ынтымақтастықтан айыру қажеттігін айтты. Дегенмен қазіргі уақытта модельдің полицияға ресми түрде арыз жазған немесе жазбағаны туралы нақты мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Асқар Жұмабек 2023 жылы дәмхана жаппай төбелеске қатысқаны үшін 6,5 жылға сотталған болатын. Алайда сот оны жаза өтеу мерзімінен 5 жыл бұрын босатып, ол тек айыппұл төлеумен құтылып кеткен еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий