Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды
Минскіде Лукашенконың инаугурациясы өтті
Александр Лукашенко Беларусь Президенті қызметіне жетінші рет кірісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Минск қаласында өткен инаугурациялық салтанат барысында Лукашенко ант беріп, Орталық сайлау комиссиясының төрағасынан президент куәлігін алды. Рәсімге 1 100-ден астам қонақ шақырылған.
Салтанат басталар алдында президент кортежі Минсктің орталық көшелерімен мотоциклдермен бірге жүріп өтті. Конституцияға сәйкес, ант беру рәсімі салтанатты жағдайда, билік тармақтарының өкілдері мен сот жүйесі мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Еске салайық, 26 қаңтарда өткен президенттік сайлауда Лукашенко ресми мәлімет бойынша 86,82% дауыс жинап, сайлаушылардың қатысуы 85,69% болған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...