Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үздік боксшылар тізімінен шеттетілді

19.12.2025 11:38 Арман Ермеков Арман Ермеков
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үздік боксшылар тізімінен шеттетілді
0
116
Фото: instagram

Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шеттетілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Кәсіби бокс әлемінде беделді саналатын The Ring журналы орта салмақтағы үздіктердің жаңартылған тізімін жариялады. Өкінішке қарай қос бірдей тұжырым бойынша әлем чемпионы атанған отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы бұл тізімнен мүлдем көрінбеді.

Бұған дейін беделді рейтингтің көш басында тұрған қазақстандық боксшының есімі тізімнен сызылып тасталды. Бұған осы айдың басында алынған допинг сынамасының күмәнді нәтижесі себеп болған. Ерікті допингке қарсы тестілеу қауымдастығы спортшының қанынан рұқсат етілмеген заттарды анықтағаны белгілі болды.

Жәнібектің орнын босатқаны өзге былғары қолғап шеберлеріне жол ашты. Қазіргі таңда The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшы атағы доминикандық Карлос Адамеске бұйырды. Ол WBC белбеуінің иегері саналады. Екінші сатыға кубалық нокаутшы Енли Эрнандес жайғасса үздік үштікті WBA чемпионы Эрисланди Лара түйіндеп тұр. Ал ондықтың соңына Хесус Рамос кішісі ілікті.

Айта кетейік даулы оқиға үш бірдей чемпиондық атақ сарапқа салынатын Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жек алдында болған еді. Қазақстандық спортшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратының ізі табылды. Осының салдарынан жоспарланған кездесу өтпей қалды және арнайы тексеріс жұмыстары басталды.

Қазіргі уақытта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы В сынамасының ашылуын күтіп отыр. Алдағы тағдыры мен чемпиондық белбеулерінің сақталып қалуы осы қайта тексерудің қорытындысына тікелей байланысты болмақ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий