Әли Оқапов ел білмейтін сырқаты жайлы айтты

Әли Оқапов ел білмейтін сырқаты жайлы айтты
12.09.2025 21:08
0
326
Фото: instagram.com/aliokapov

Әли Оқапов өзінің ең үлкен қорқынышы туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Бұл туралы өнер жұлдызы Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Айтуынша, ол үшін ең ауыр соққы – дауысынан айырылып қалу қаупі.

– «Мұндай жағдайды бастан кештім. Дисфония деген сырқат бар. Маған ол алты жыл бұрын пайда болды, әлі де бар. Қазір сонымен күресіп жүрмін. Соңғы бірнеше жылда 5-10 пайызға жақсарып келеді. Соған бейімделіп, қайта ән айтуға үйрендім. Бұл өте сирек кездесетін ауру. Себебі белгісіз. Біреулер мұны психологиялық күйзелістен дейді. Кей адамдарда жұмыс, отбасы, жеке өмір бөлек болады. Ал менде бәрі өнермен байланысқан: отбасым да, махаббатым да, достарым да, өмірім де – өнер. Сондықтан кез келген мәселе бірден барлығына әсер етеді. Жеке өмірімде үлкен қиындық болды, оның салдары жұмысым мен отбасымның да өміріне ықпал етті», – деді әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий