Алматы әуежайында FlyArystan ұшағында өрт шығып, бір адам зардап шекті
28 тамызда Алматы халықаралық әуежайында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезде FlyArystan ұшағының бортында өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Air Astana тобының бір қызметкері жарақат алды.
Әуе компаниясының мәліметінше, зардап шеккен қызметкерге медициналық көмек көрсетілді. Тексеріліп, ем қабылдағаннан кейін ол ауруханадан шығарылды.
Өртті әуежайдың жедел қызметтері дер кезінде сөндірді. Оқиға болған сәтте ұшақ бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.
Ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды. Мамандар зақымдану деңгейін бағалап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Air Astana тобы Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, өндірістік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...
17.10.2026
13:40
Астанада бойжеткеннің бөксесінен ұстап соңынан ...
17.10.2026
12:18
ҰБТ-ға жасанды интеллект енгізілмек: 2027 жылы ...