Алматы облысында көпірді су шайып кетті

07.07.2026 13:03 Әсел МҰРАТ
Алматы облысында көпірді су шайып кетті
194
Фото: видеодан скрин

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Үлкен Алматы каналының бойындағы автожолда орналасқан пайдаланылмайтын көпірді су шайып кетті. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жаңа көпірдің құрылысы 2026 жылғы 10 шілдеде басталады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мамандардың айтуынша, табиғи апат көпірлердің онсыз да нашарлаған техникалық жағдайын одан әрі ушықтырған.

Екі нысанды қайта жаңғыртуға арналған жобалау-сметалық құжаттама толық әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.

Жобалардың жалпы құны:

  • Талғар өзені арқылы өтетін көпір – 1 млрд 413,178 млн теңге, құрылыс мерзімі – 6 ай;
  • Түрген өзені арқылы өтетін көпір – 674,511 млн теңге, құрылыс мерзімі – 5 ай.

Биыл бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Талғар өзеніндегі көпірді реконструкциялауға 400 млн теңге, ал Түрген өзеніндегі көпірге 200 млн теңге қарастырылған.

Әкімдіктің хабарлауынша, 25 маусымда мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары анықталды. Қазір олармен келісімшарт жасау рәсімі жүргізіліп жатыр.

Мердігер ұйымдармен келісімдер рәсімделгеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. Көпірлерді қайта жаңғырту биылғы жылдың үшінші тоқсанында қолға алынбақ.

Войдите, чтобы оставить комментарий