Алматы облысының полиция басшылығы қызметінен кетті
Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицей қызметінен босатылды.
Атап айтқанда, ішкі істер министрінің бұйрығымен:
– ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;
– Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;
– ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов;
– ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
– ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.
Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды.
Президенттің әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды
23.10.2026
20:03
Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік кон...
23.10.2026
19:10
Мамырдан бері жалақы алмаған: Маңғыстауда мұғал...
23.10.2026
18:09
“Түнде кездесуге шақырды”: Атыраудағы НИШ мұғал...
23.10.2026
17:50
Болат Назарбаевтың суреті бар қымбат сағат OLX-...
23.10.2026
17:11
"Өлді" деп жылама, "өлем-ау" деп жыла": Сәкен М...