Алматы тауларында үш жігіт жоғалып кетті: біреуінің мәйіті табылды

26.12.2025 17:49 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Алматы тауларында үш жігіт жоғалып кетті: біреуінің мәйіті табылды
0
214
Фото:depositphotos.com

Алматы маңындағы тауларда жоғалып кеткен үш жігітке қатысты іздеу жұмыстары қайғылы нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне туыстары хабарласып, ер адамның екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, сол күйі байланысқа шықпағанын айтқан. Ұялы телефондар 12 сағаттан астам уақыт бойы өшірулі болған. Хабар түскен бойда құтқарушылар, полиция қызметкерлері, еріктілер, авиация, дрондар мен кинологтар тартылып, Тұйықсу мұздығы, Мынжылқы шатқалы және Локомотив шыңы маңында ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен Локомотив шыңы ауданынан бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта қалған екі адамды іздеу жалғасып жатыр.

Құтқару қызметі тауға шығуды жеңіл серуен ретінде қабылдауға болмайтынын, әсіресе қыс мезгілінде қауіптің жоғары екенін еске салып, азаматтарды дайындықсыз және нұсқаушысыз күрделі бағыттарға шықпауға шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий