Алматыда үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

01.07.2026 15:25 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Алматыда үйдің жертөлесінен полиэтиленге оралған ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)
280
Фото: Бейнеден алынған скрин

Алматының Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қаласының ПД мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстарын жасауға келген шебердің денесін үй иесі полиэтиленге орап, жертөлеге жасырып қойған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, тергеу амалдары басталды.

Марқұмның жеке басы бірден анықталды. Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам қайғылы оқиға болған күні аталған үйде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Жедел-іздестіру барысында қолға түскен күдікті оқиғаның мән-жайын өзінше түсіндірген. Оның айтуынша, жұмысшы белгісіз жағдайда ауыр жарақат алып, соның салдарынан көз жұмған.

Алайда, үй иесі болған жайт туралы жедел жәрдемге немесе құқық қорғау органдарына хабарлаудың орнына, мәйітті жасыруды ұйғарған. Ол марқұмды полиэтиленге орап, өз үйінің жертөлесіне түсіріп тастаған.

Қазір бұл дерек бойынша адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам 11-қабаттан секіріп кеткен еді. 

Войдите, чтобы оставить комментарий