Алматыда жаппай жол апаты: Автобус бес көлікке бірдей соғылды
Жандосов – Әуезов қиылысында ірі апат
Алматы қаласында Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында бірнеше көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 13 наурыз күні сағат 15:20 шамасында Бостандық ауданында болған.Куәгерлердің айтуынша, №95 бағытындағы автобус пен бірнеше жеңіл автокөлік соқтығысқан. Оқиға орнынан түсірілген суреттерде көліктердің айтарлықтай зақымданғаны көрінеді.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Foton маркалы автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан алда келе жатқан бес жеңіл көлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан бір адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінген.
Қазір аталған оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...