Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысты: адам шығыны бар
Алматыда 1 шілде күні кешкі уақытта Райымбек даңғылында жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипедтің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Апат қазіргі уақытта BRT желісінің құрылысы жүргізіліп жатқан Райымбек даңғылының бөлігінде болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жедел жәрдем көлігі арнайы жарық сигналдарын қосып келе жатқан кезде электрлі велосипедпен соқтығысқан.
Соққы салдарынан велосипед жедел жәрдем көлігінің астына кіріп кеткен. Ал электрлі велосипедті басқарған азамат көліктің алдыңғы әйнегіне соғылып, алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...