Алматыдағы 4 балдық жер сілкінісі: ТЖМ мәлімдеме жасады
371
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мамандары Алматыдағы жер сілкінісінен кейін өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексерді, деп хабарлайды Politico.kz.
Мамандар ықтимал зақымдарды анықтау мақсатында қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Тексеру нәтижесі бойынша зақымдар анықталған жоқ, қазіргі уақытта аталған нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты», - деп хабарлады ТЖМ.
Еске сала кетейік, Алматыда 28 қыркүйек күні таңертең жер сілкінді. ТЖМ мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан.
Есептелген қарқындылық көрсеткіштері:
- Алматыда – 3-4 балл,
- Қаскелеңде – 2-3 балл,
- Боралдайда – 2-3 балл,
- Өтеген батыр ауылында – 2 балл.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...
28.09.2026
15:14
Асхат Тарғын: Сүт алуға да ақша таппай қалған к...
28.09.2026
15:10
«7 ай бойы үндемедік»: Жамбылда қайтыс болған о...
28.09.2026
15:00
«Бір күнде екінші рет»: Алматыда тағы да жер сі...
28.09.2026
14:23
«Сахнадан қуылған соң тойға шықты»: Ресми айтыс...