«Сахнадан қуылған соң тойға шықты»: Ресми айтыстан 6 айға шеттетілген Мақсат Ақанов желіні тағы шулатты
Атышулы оқиғадан кейін ресми айтыстардан жарты жылға шеттетілген белгілі айтыскер ақын Мақсат Ақанов енді той жағалап, асабалық пен әншілікке көшкендей, деп хабарлайды Politico.kz.
Желіде тараған жаңа видеода ақынның қолына домбыра алып, той төрінде жұртқа өлең арнап отырған сәті жарияланды. Ресми алаңнан шет қалған айтыскердің бұл қадамы көпшіліктің назарын бірден аударды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мақсат Ақанов Маңғыстау облысы Шайыр ауылында өткен айтыстағы жөнсіз әрекеті мен орынсыз сөздері үшін қоғамның қатты сынына ұшыраған болатын. Сол даудан соң Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай арнайы шешім шығарып, оны 6 ай бойы Одақ ұйымдастыратын ресми айтыстар мен іс-шараларға қатысу құқығынан айырған еді.
Сондай-ақ Аманжол Әлтай ақынның басын дауға қалдырған Шайырдағы айтыстың өзі Одақтың ресми жоспарына мүлдем кірмегенін, оны жеке кәсіпкерлер өткізгенін мәлімдеген болатын. Десе де, үлкен сахнаға уақытша шыға алмай қалған Ақанов қарап отырмай, нәпақасын жеке кештерден тауып жүрген көрінеді.
Соңғы жаңалықтар