«Бір күнде екінші рет»: Алматыда тағы да жер сілкінді
405
ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылы 28 қыркүйекте сағат 13:53-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы Нарынкөл ауылында 2-3 балл, Кеген ауылында 2 баллды құрады.
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.
Бүған дейін таңертең Алматыда жер сілкінгені туралы хабарланған еді.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...
28.09.2026
15:14
Асхат Тарғын: Сүт алуға да ақша таппай қалған к...
28.09.2026
15:10
«7 ай бойы үндемедік»: Жамбылда қайтыс болған о...
28.09.2026
15:00
«Бір күнде екінші рет»: Алматыда тағы да жер сі...
28.09.2026
14:23
«Сахнадан қуылған соң тойға шықты»: Ресми айтыс...