Алматылық қыз туған әкесін зорлық-зомбылық жасады деп айыптады
Алматы тұрғыны Элеонора (әлеуметтік желіде Лёля Берг есімімен танымал) әкесімен болған ауыр әңгімесінің видеосын жариялап, бала кезінде жыныстық зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, зорлық 6–9 жас аралығында болған. Элеонора ұзақ жылдар бойы бұл туралы үндемей келгенін, себебі әкесінің өзін және отбасы мүшелерін қорқытып, ешкімге айтпауға мәжбүрлегенін айтты.
Жарияланған видеода Элеонора әкесінен түсініктеме талап етеді. Алайда ер адам барлық айыптауларды жоққа шығарып, қызының сөздерін мойындамаған.
Элеонораның сөзінше, бұл мәселе бойынша бұрын да тергеу жүргізілген, алайда дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты іс тоқтатылған. Қазір құқық қорғау органдары істі қайта қарауға кіріскен.
Алматылық бойжеткеннің айтуынша, алдағы уақытта ол бірқатар сараптамадан және заңдык рәсімдерден өтеді. Полиция әзірге бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...