Алматылықтар бұрын ескерткіш қойылған ерлікті тағы да қайталады (ВИДЕО)

24.04.2026 19:35 Қарақат АСЫЛОВА
Алматылықтар бұрын ескерткіш қойылған ерлікті тағы да қайталады (ВИДЕО)
306
Фото-коллаж: Politico.kz
Алматыда жоғалып кеткен хаски мұздай судан аман құтқарылды

Алматыда Юта есімді хаски иті жоғалып кеткеннен кейін бір аптаға жуық уақыт өткен соң, өзеннің мұздай суынан табылып, аман құтқарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға кезінде кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар итті байқап қалып, бірден көмекке келген. Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше жас жігіттің қол ұстасып, тізбек құрып, жануарды судан шығарып жатқанын көруге болады. Олар осыдан 10 жыл бұрын Сайран көлінде итті құтқару кезінде қолданылған тәсілді қайталаған.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен Айгерім есімді қыз көмекке шақырған. Оның даусын естіген жастар еш ойланбастан көмекке ұмтылған. Ит әлсіреп, су жағасындағы құбыр үстінде жатқан. Құтқару сәтінде жануар қайтадан суға сырғып кетіп, ағысқа ілесіп кеткен. Сол кезде 20 жастағы Артур есімді жігіт тәуекелге бел буып, мұздай суға түсіп, итті алып шыққан.

Иттің иесі Маринаның айтуынша, бұл оқиғаға қатысқан жастар үлкен ерлік көрсеткен. Қазіргі таңда Юта аман, иелеріне табысталған.

Бұл жағдай алматылықтардың жанашырлығы мен батылдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий