Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

Алматылықтар жер сілкінісін сезінді
Фото: Politico.kz/Максим Золотухин

Алматы қаласының тұрғындары жерасты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы көршілес Қырғызстан аумағында тіркелген. Табиғи құбылыс 2026 жылдың 12 тамызы күні Астана уақытымен сағат 12:14-те болды.

Зілзаланың магнитудасы 5.2 шамасын құраған. Ал эпицентр координаттары солтүстік ендіктің 41.96 градусы мен шығыс бойлықтың 75.32 градусында орналасқан.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда жер сілкінісінің күші 2 балл болғанын хабарлады. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу