Алмаз Жұмакеев Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстанда жаңа кадрлық тағайындау жасалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Жеңішұлы Жұмакеев Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Алмаз Жұмакеев жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, ол 2022 жылдың наурыз айынан бері Қазақстан Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарып келген. Оған дейін, 2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың наурызына дейін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары – басқарма бастығы қызметінде болды.Ал 2021 жылдың маусымы мен тамызы аралығында Қорғаныс министрінің қарамағында қызмет атқарған.
Жаңа тағайындау еліміздің қорғаныс саласындағы басқару жүйесін күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Последние новости