Алсу Ержан Максим қатысқан “Голос” финалындағы дауыстың қолдан көбейтілгенін мойындады
686
Әнші Алсу 2019 жылы “Голос. Дети” шоуындағы қызы Микелла Абрамованың жеңісіне байланысты дауға алғаш рет ашық пікір білдірді. Өнер иесі финалда дауыс беруге араласу болғанын растады. Алайда оның сөзінше, бұл жағдайға өзі де, қызы да қатысы болмаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Алсудың айтуынша, дауыс беруге араласудың артында бұрынғы күйеуі Ян Абрамов тұрған. Әнші жағдайды тоқтатуға тырысқанын да жасырмады.
“Не болып жатқанын түсінгенде, күйеуіме “Тоқтатшы, бұлай жасама” дедім. Бірақ ол сөзіме құлақ аспады. Әке ретінде қызына жақсылық жасағысы келді”, – деді әнші.
Сондай-ақ ол шоу қатысушылары мен көрермендерден кешірім сұрап, бұл оқиғаның қызына ауыр тигенін айтты.
Еске салсақ, 2019 жылғы финалда қазақстандық әнші Ержан Максим екінші орын алған еді. Кейін дауыс беру нәтижесі тексеріліп, “Бірінші арна” финал қорытындысын жойған болатын. Соңында барлық финалист жеңімпаз деп танылды.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
23:38
Қазақстанның сыртқы істер министрі украиналық ә...
24.08.2026
22:28
Риддерде тартылған арқан 13 жастағы қыздың өмір...
24.08.2026
21:17
Қызылордада жалған ақпарат таратып, полицияға қ...
24.08.2026
20:17
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр...
24.08.2026
20:06
Меркідегі Мадинаның қандай отбасына келін болға...
24.08.2026
20:02
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді