«Анамның тойында ән айттым»: Халық 52 жасында тұрмысқа шыққан әйелді қолдады
Желіде анасының 52 жасында екінші рет тұрмысқа шығып, тойында қызының ән айтып тұрған сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызының айтуынша, анасы 30 жастан енді асқан шағында ажырасып кеткен.
«Әкемізбен 30 жастан енді асқанда ажырасып кеткен. Көрмегені жоқ. Екі қызымды өсіремін деп ешкімге қарамады. Біздің отбасымыз бар. Анамыз жалғыз. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан!» - деп жазды қызы.Видеоның астына желі қолданушылары анасына бақыт тілеп, қызының дауысы баға берді.
«Мамаңызға бақыт тілеймін, әйел адамның қанша жаста болғаны маңызды емес, бастысы бақытты, ал сіздің дауысыңыз керемет», «Мамаңыз бақытты екені көрініп тұр. Алла ұзақ ғұмыр және махаббат берсін», «Анаңыз бақытты болсын! Әрбір әйел бақытты болуға лайық. Өмірге бір рет қана келеміз, сондықтан жүрегің не қаласа соны жасау керек», - деп жазды желі қолданушылары.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
20:54
«Америкада жүр» деген Мәсімов әлі түрмеде отыр
23.10.2026
20:30
Атырауда оқушыға қатысты даудан кейін NIS мұғал...
23.10.2026
20:09
Қазақстан NVIDIA басшысын «Достықпен» қарсы алды
23.10.2026
20:03
Тоқаев Республика күніне арналған мерекелік кон...
23.10.2026
19:10
Мамырдан бері жалақы алмаған: Маңғыстауда мұғал...
23.10.2026
18:09
“Түнде кездесуге шақырды”: Атыраудағы НИШ мұғал...