Анасы кішкентай қызын үш жыл бойы төсек астындағы жәшікте жасырып келген

Анасы кішкентай қызын үш жыл бойы төсек астындағы жәшікте жасырып келген
28.07.2025 11:40
0
620
ашық дереккөз

Англияда адам сенгісіз жағдай тіркелді: әйел туған қызын үш жыл бойы ешкімге білдірмей, төсек астындағы жәшікте жасырын ұстаған. Бұл туралы Daily Star басылымы хабарлады.

Екі жасар қыз бала үшінші туған күніне небәрі бірнеше апта қалғанда Чешир графтығындағы үйдің ішінен табылған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың шашы әбден ұйысқан, ал терісінде бөртпелер болған.

Анасы өзінің қызын басқа балаларынан да, тіпті өзімен бірге тұратын серігінен де жасырған. Ер адам жиі келіп түнегенімен, кішкентай баланың барын мүлде білмеген. Әйел бұл әрекеті үшін сот алдында жауап беріп, балаларға қатыгездік танытқаны үшін кінәсін мойындады.

Сот процесінде қыз баланың денсаулығы ауыр жағдайда болғаны белгілі болды: анасы оның таңдай сүйегіндегі туа біткен ақауына байланысты дәрігерге де жүгінбеген, сонымен қатар дұрыс тамақ пен су бермеген. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрғаны анасының серігі кездейсоқ дыбыс естіп, бір бөлмені қарап шыққан кезде анықталған. Сол сәтте ол кішкентай қызды төсектің астындағы жәшіктен тауып алған.

Сот бұл жағдайды «физикалық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан балаға жасалған ауыр қысым» деп бағалады. Әйел өз әрекетін «жүктілік туралы білмегенмін» және «босану кезінде қатты қорықтым» деп түсіндірген. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий