Анасы: Әділет Ұлдананың қырқы өтпей жатып басқа қыздың фотосын көрсетті
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешанқұлова бұрынғы күйеу баласымен арада кикілжіңнің неден басталғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол журналист Руслан Өтепбайға берген сұқбатында әңгімеледі.
«Сосын арада осындай кикілжіңдер болды. Содан кейін барып көлікті қайтарып алғыларыңыз келді ме?» — деп сұрады журналист.
«Жоқ, кикілжіңнің себебі мынада: бастапқыда, қызымның 40 күндік асы өткеннен кейін Әділет... Менің Ұлданадан кейін бір балам бар. Сол балама телефонынан суретін көрсеткен бе, әлде сөзбе-сөз сұраған ба: «Уәлихан, қарашы, мына қыз Ұлданаға ұқсай ма?» — депті. Ол кезде балам... Қызымның 40 күндігі желтоқсанның 20-сында ғана өткен еді. Ал ол бұл сөзді қаңтардың әрі кетсе бірінші аптасында сұраған. Сөйткенде Уәлихан бұл сөзді ауыр алып: «Оны менен не үшін сұрап тұр?» — деген. (...). Иә, қайын інісінен сұрап тұр. «Мына қыз Ұлданаға ұқсайды екен» деп, кеше өзі үйленген қыздың суретін көрсеткен. Ол кезде біз оған ешқандай мән берген жоқпыз. Сөйтіп, арада біраз күн өткенде балам Уәлиханның көңіл-күйі болмай жүрді. Мен одан: «Балам, саған не болды? Бір жерің ауырып тұр ма?» — деп сұрадым. Сөйтсем балам: «Мама, сізге бір нәрсе айтсам, ренжімейсіз бе?» — деді. «Не болды, тыныштық па, балам?» — десем, «Әділет менен бір қыздың суретін сұрап жүр, Ұлданаға ұқсайды дейді. Оны не үшін менен сұрап жатыр? Ұлдананың 40 күндік асы кеше ғана өткен жоқ па?» — деді. Сонда мен балама басу айтып: «Балам, Әділет те жанына жай таппай жүрген шығар, әр қызды Ұлданаға ұқсатып жүрген болар. Мүмкін, біреумен сөйлесіп жүрген шығар, оны көңіліңе алма», — дедім. Өйткені мен ол кезде оған қатты мән берген жоқпын, «Әділет басқа қыздармен сөйлесіп жүр» дегенге мән бермедім. Бірақ балам: «Мама, онсыз да оның түбінде үйленетінін білеміз. Жылы өткеннен кейін онсыз да батамызды беріп, рұқсат етеміз ғой. Ол бұл сөзді маған не үшін айтады?» — деп, соған қатты қапа болды. Сөйтіп, біраз күн өтті... Мен ақпан айында ауылға кеттім. Сол кезде екінші қызым жолда бара жатып көрген, Ұлдананың машинасымен Әділет және алдыңғы орындықта бір қыз отырғанын байқаған», — деп түсіндірді Сәлима Ешанқұлова.
Ұлдана Мырзуанның әпкесі Ақнұр Мырзуан бұрынғы күйеу баласымен болған оқиғаны баяндап берді.
«Мен кешке жақын жаттығудан шықсам, Әділет біздің ауданда жүр екен. Әділет екенін таныдым, Ұлдананың машинасының нөмірі де көзіме ыстық көрінді. Мен машинаммен жылдам басып, бағдаршамның сары түсіне өтіп кеттім-ау деймін. Сарыға өтіп, Ұлдананың машинасына жақындап белгі бердім, бірақ ол артына қараған жоқ. Жанынан өтіп бара жатып қарасам, бағдаршамда тұрмыз, Әділет рөлде отыр, ал қасындағы қыз аяғын көтеріп отыр. Есіңізде болса, Ұлдананың машинасында оның есімі жазылған полик болатын. Сол жазудың үстіне ол қыз аяғын қойып отыр екен. Сосын мен Әділетті қызғандым ба, білмеймін... Мүмкін, солай да шығар...» — деді Ақнұр Мырзуан.
Сәлима Ешанқұлова әрдайым балаларына басу айтып отырғанын жеткізді.
«Жоқ, менің бала-шағам, шынын айтқанда... Мен бұларға да: «Сендер де қызғанышпен айтып тұрған шығарсыңдар, арада ондай кикілжің болмасын. Бәрібір уақыт өтеді, ол үйленеді ғой», — деп қанша рет басу айтып отырдым», — деді Ұлдана Мырзуанның анасы.
Соңғы жаңалықтар