Әнші Ерболат Құдайбергеннің наркологиялық орталықта жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

Әнші Ерболат Құдайбергеннің наркологиялық орталықта жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Ерболат Құдайбергенов ұсталды ма? Желіде тараған видео көпшілікті дүрліктірді

Әлеуметтік желілерде Ерболат Құдайбергеновтің полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, наркологиялық орталыққа жеткізілгені туралы видео таралуда деп хабарлайды Politico.kz..

Бейнежазбада көрсетілген адамның әнші екені жөнінде нақты ресми растау әзірге жоқ.Бұған дейін де желіде куәгерлердің айтуынша, өнерпазға сырттай ұқсайтын азаматтың «закладка» іздеп жүргені туралы видеолар жарияланған болатын. Алайда кадрдағы адамның нақты кім екені және оқиғаның мән-жайы бойынша құзырлы органдардан ресми ақпарат берілген жоқ.

Қазіргі таңда Ерболат Құдайбергеновтің өзі немесе оның өкілдері тарапынан да қандай да бір түсініктеме жасалмады. Ақпарат нақтылануда, ресми органдардың түсіндірмесі күтілуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу