Әнші Мәдина Сәдуақасованың жаңа образы жұртқа жақпай қалды

26.03.2026 14:43 Мөлдір Талғат
Әнші Мәдина Сәдуақасованың жаңа образы жұртқа жақпай қалды
146
Фото: sadvakasovamadina

Әнші Мадина Сәдуақасова Наурыз мерекесіне орай түсірілген жаңа фотосессиясын көпшілікке ұсынды. Алайда оның көктемгі образы желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір тудырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған суреттеріне қатысты пікір білдіріп, фотосессияның Наурызға арнайы дайындалғанын айтты.

«Наурызға деп жасаған фотосессиямыз. Бұл образға әртүрлі пікір болды. Стилист пен фотограф заманауи, өте әдемі десе, Инстаға шықпай тұрып көрген кейбір адамдар үйлеспейді, тіпті жариялаудың қажеті жоқ деді. Ал мен үшін бұл – қазақы ұлттық нақыш элементтері бар кешкі образ», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да бұл образға қатысты пікірлерін жасырмады. Бірі әншінің батыл стилін жоғары бағаласа, енді бірі ұлттық киім элементтерімен үйлесім таппағанын айтып, сынға алды.

Пікір білдіргендердің қатарында: «Қазақы стильде киінсеңіз, иықты жабу керек», «Сонша ашқаны несі», «Қазақ қыздары бұрын иық пен кеудені ашпаған, құндылықты жоғалтпайық», «Иығыңызды жапсаңыз, образ одан да әдемі көрінер еді» деген сыни пікірлер де бар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий