Әнші Нұрлан Өнербаевтың бауыры өмірден өтті
405
Белгілі әнші Нұрлан Өнербаев ағасы өмірден өткені туралы қаралы хабар жариялады.
Әнші ағасының қазасы жайлы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.
«Асқар тауым әкем өмірден қайтқаннан кейінгі биігім, арқа сүйер тірегім, ақылшым-ағам Әлжан мезгілсіз о дүниесіне аттанып кетті. Сенер емеспін. Бұл қалай болғаны? Дүние жалған екеніңді пендеңе тағы бір дәлелдеді-ау», - деп жазды Нұрлан Өнербаев.
Желі қолданушылары Өнербаевтар әулетіне көңіл айтты.
«Аға иманы саламат болсын! Бауыры бүтін кім бар дейсіз. Бір кем дүние!», «Алла алдынан жарылқасын!», «Жүзі жылы екен. Иманды болсын», «Ағатай, қайғыңызға ортақпыз. Алла Тағала жұмақты нәсіп етсін. Бекем болыңыз!» - деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар
23.07.2026
23:13
Айыппұлға ренжіген зейнеткер полицейлердің көлі...
23.07.2026
22:30
Wildberries-тегі шабуылдар қазақстандық кәсіпке...
23.07.2026
21:45
Ақберен Елгезек: Мен өлімнен қорықпаймын, Аллағ...
23.07.2026
21:30
Рудныйда пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар...
23.07.2026
21:24
Жүкті екенін білмеген 33 жастағы әйел жедел жәр...
23.07.2026
20:46
Super Mamasita: Instagram парақшамды біреулер т...