Әпкесі - колледжде, інісі мектепте оқиды - Майқайыңда ағайынды балалар зорланды
407
Павлодар облысының Майқайың ауданында 13 және 15 жастағы ұл мен қыз баланы екі ер адамның зорлағаны туралы ақпарат елді шошытты. Облыстың білім басқармасы зәбір көрген бұл екі бала ағайынды екенін мәлім етті.
Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенованың сөзіне сенсек, екі күдікті де қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған. «Колледжде оқитын кәмелетке толмаған қыз бала зорланған. Бұл істі тергеген кезде полиция осы қыздың мектепте оқитын інісі де зорлық көргенін анықтаған. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - делінген Павлодар облысы Білім басқармасының зорлау фактісі бойынша берген түсініктемесінде.Соңғы жаңалықтар
24.07.2026
14:20
«Қазақмыс» 2,4 млрд теңгеге 80-нен астам өндірі...
24.07.2026
14:16
"Сонша ақшаға пустышка әшекей сатуыңыз дұрыс бо...
24.07.2026
13:48
Ұлытау облысы халық табысы бойынша көш бастаған...
24.07.2026
12:35
Түлкібаста екі жасар бүлдіршін дәретханаға құла...
24.07.2026
12:01
Ұлттық банк базалық ставканы төмендетті
24.07.2026
11:43
"Феноменсіз": Ерке Есмахан продюсер Баян Алагөз...