Ақ үйде Майк Уолтцтың болашағы талқыға түсті: Трамп Уолтцтың болашағын шешпек

Ақ үйде Майк Уолтцтың болашағы талқыға түсті: Трамп Уолтцтың болашағын шешпек
25.03.2025 14:02
0
760
Коллаж POLITICO.KZ
Майк Уолтцтың журналистке құпия ақпарат жіберуі Ақ үйді алаңдатты

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Майк Уолтцтың болашағы қыл үстінде тұр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Politico порталы жазғандай, Уолтцтың журналисті соғыс жоспары талқыланған Signal чатына кездейсоқ қосуы Ақ үй ішінде үлкен дау тудырды. Белгілі болғандай, ол чатқа The Atlantic басылымының бас редакторы Джеффри Голдберг қосылып, құпия әскери операциялар, атап айтқанда Йемендегі хуситтерге соққы беру жоспарлары туралы ақпаратпен танысқан.

Ақ үйдің екі жоғары лауазымды қызметкері Уолтцтың отставкаға кетуі қажет екенін айтқан. Себебі "президентті қиын жағдайға қалдырмау керек". Тағы бір шенеунік: "Signal арқылы бұлай сөйлесу ақылға қонымсыз. Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі мұндай жауапсыздыққа жол бермеуі керек" деді.

Ақ үйге жақын тағы бір дереккөз: "Барлығы Уолтцтың нағыз ақымақ екенін мойындайды" деген пікір білдірген.

Дегенмен, кей деректерге қарағанда, президент Дональд Трамп бұл мәселеде әзірге нақты шешім қабылдамаған. Белгілі болғандай, ол Уолтцпен бұл тақырыпта сөйлескен. Шешімді келесі бір-екі күн ішінде қабылдайды деп күтілуде.

Ақ үйдің өзге өкілдері Трамптың көңілі Вэнске (АҚШ вице-президенті) немесе Хегсетке (Қорғаныс министрінің орынбасары) де бұрылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Себебі чатта Хегсет құпия мәліметтермен бөліскен, ал Вэнс әкімшіліктің сыртқы саяси бағытына қарсы пікір айтқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий