Ақмола облысында екі бірдей әкім қызметінен босатылды

21.09.2026 14:08 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Ақмола облысында екі бірдей әкім қызметінен босатылды
285
Коллаж Politico.kz

Ақмола облысында Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақмола облысында Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Берікұлы Есжанов қызметінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Тиісті өкімге облыс әкімі Марат Ахметжанов 2026 жылғы 21 қыркүйекте қол қойған. Ресми хабарламада екі әкімнің қызметтен босатылу себебі көрсетілмеген.

Гайдар Қасенов Степногорск қаласының әкімі қызметіне 2024 жылғы 13 қарашада тағайындалған еді. Достанбек Есжанов Аршалы ауданын 2024 жылғы 9 желтоқсаннан бері басқарған.

Войдите, чтобы оставить комментарий