Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап кеткен: сәби тұншығып көз жұмды
372
Ақмола облысындағы Ақкөл ауданының тұрғыны баланы емізіп отырып ұйықтап қалған. Сәби тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сот материалдарына сәйкес, ол қонақтан мас болып келген. Кейін сәбиін емізіп отырып ұйықтап қалған.
Оянған кезде әйел баласының қимылсыз жатқанын байқаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер нәрестенің тұншығып қайтыс болғанын анықтаған.
Сотта әйел кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Жаза тағайындауда сот әйелдің шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді.
Сот шешімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
08:35
Шымкентте әйел күйеуін пышақтап өлтірді күдікке...
30.09.2026
08:05
Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ...
29.09.2026
23:24
ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ: Т...
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...