Шымкентте әйел күйеуін пышақтап өлтірді күдікке ілінді

30.09.2026 • 08:35 Әсел МҰРАТ
Шымкентте әйел күйеуін пышақтап өлтірді күдікке ілінді
331
Фото: ipopba

Шымкентте ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, жанжал кезінде оған әйелі пышақ сұққан болуы мүмкін. Қазір полицейлер қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. 

Көршілерінің сөзінше, ерлі-зайыптылар пәтер жалдап тұрған. Кәмелетке толмаған екі баласы бар. 

«Бұған дейін ешқандай ұрыс-керіс болғанын естіген де, көрген де жоқпыз», – дейді көршілері. 

Күдікті келіншектің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий