Ақмола облысында құны 30 млн теңге тұратын есірткі тәркіленді
1103
47 жастағы күдіктіден психотроптық заттар табылды
Ақмола облысында құны 30 миллион теңгеге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақмола облысында полицейлер синтетикалық есірткіні сақтап, оны сатуға дайындады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады.
Тәртіп сақшылары күдіктінің автокөлігіне жүргізілген тінту барысында психотроптық зат салынған екі пакетті анықтаған. Тергеу мәліметінше, ер адам Көкшетау қаласына құны шамамен 30 миллион теңгені құрайтын ірі көлемдегі есірткі партиясын жеткізген.
Алдын ала ақпарат бойынша, ол тыйым салынған заттарды ұсақтап қаптап, кейін оларды «жасырын орындарға» қалдыру арқылы таратумен айналысатын адамдарға беруді жоспарлаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің ықтимал сыбайластарын іздестіруде.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
20:05
Танымал асаба «Сабыржан» есірткімен ұсталды дег...
25.09.2026
20:00
Танымал блогердің әйелі: 19 жасымда үш жігіт жа...
25.09.2026
19:34
Сақатов жемқорлар туралы: 10 жылға сотталғандар...
25.09.2026
19:04
«Өкпесінен су алынбады»: Дәрігерлер Ақжол Темір...
25.09.2026
19:00
Баян Алагөзова: Трагедия осымен жетер, кінәліле...
25.09.2026
18:16
«Ұлым үйдің үлкені еді»: Каспийде қаза тапқан Ө...